Логопедия сайты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодардың логопедтері мен дефектологтары ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізе бастады.

Енді құлағы нашар еститін балаларды оқыту ісінде біршама жеңілдіктер болуы мүмкін. Бұл жайында арнайы жиында айтылды, деп жазады 24.kz.

Облыстың бүкіл дефектологтары мен логопедтері жиналып, есту қабілеті төмен және тілінің мүкісі бар балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде пікір алмасты. Семинарда көптеген өзекті мәселелер сөз болды. Қатысушылар «коррекциялық жұмыстарды мектепке дейінгі мекемелерден бастау керек», – дейді. Айтуларынша, оқу-тәрбие беру үрдісінде бірлесіп жұмыс атқарғанда ғана нәтиже болады. Бүгінгі таңда коррекциялық мектеп-интернатта 100-ден астам бала білім алады.

«Бүгін мұғалімдермен коррекциялық мектепте істеп жүрген басқа мұғалімдермен өз тәжірибемізбен бөлістік», -дейді дефектолог-мұғалім Күлбаршын Сержанова.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *